Роза Бағланова

Роза Бағланова
(туғанына 100 жыл)

2022 жылдың 1 қаңтарында КСРО, Қазақстан және Қырғызстанның халық әртiсi, әлемге әйгiлi әншi Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.

Роза Бағланованың өмiрi мен шығармашылығы — халыққа қалтқысыз қызмет етудiң, сахнаға деген адалдықтың және көрерменге деген шексiз құрметтiң үлгiсi.

Әншi өзiнiң еңбек жолын Өзбек КСР өзбек филармониясының мемлекеттiк әйелдер ән-би ансамблiнде бастады, содан кейiн Мәскеу консерваториясына жолдама алды. Бiрақ Ұлы Отан соғысы басталған соң, ансамбльмен бiрге майданға аттанды.

Бригада құрамында Қызыл Армия жауынгерлерiнiң алдында майданда өнер көрсеттi. Жер үйлерде, вокзалдарда, танктерде және ұшақтың қанаттарында ән айтты. Ұлы Отан соғысы кезiнде Роза Бағланова өз шығармашылығымен сарбаздардың көңiл-күйiн көтерiп қана қоймай, жауынгерлердi ұрыс алаңынан шығаруға көмектесiп, өзiн ерлiк жағынан көрсеттi. 1945 жылы 9 мамырда Р.Бағланова Берлин қаласында өткен жеңiс концертiне қатысты.

Роза Бағланованың визит карточкасы Лидия Русланованың репертуарынан "Ах, Самара-городок" әнi болды.

Соғыстан кейiн сахнаға оралған Роза Бағланова КСРО-да бүкiлхалықтық танымалдылыққа ие болған алғашқы қазақ әншiсi болды. Роза Бағланованың репертуарында әлемдiк опера өнерiнiң туындылары, түрлi елдердiң халық әндерi мен заманауи композиторлардың әндерi бар.

Роза Бағланова-бүкiл дәуiрдiң ұлттық символы. Ол А.Вертинский, Г.Уланова, М.Плисецкая, И.Ильинский, А.Райкин, С.Рихтер, Д.Шафранмен бiр сахнада болды. Әншi Польша, ДГР, Венгрия, Австрия, Чехословакия, Қытай, Корея, Үндiстан, Бирма, Канада, Швеция, Бельгия және т. б. елдерде гастрольдық сапарда болды.

2007 жылы Роза Бағланованың "Айналайын халқымнан еркелеткен" атты өмiрбаяндық кiтабы жарық көрдi.

Роза Бағланова туралы көптеген кiтаптар мен көркем суреттер жарық көрдi, көптеген поэтикалық шығармалар жинақталды.

2021 жылғы 23 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-шi Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-

2023 жылдарға арналған атаулы күндер күнтiзбесiнiң тiзiмi қабылданды, оған Қазақстанның ұсынымы бойынша әншi Роза Бағланованың 100 жылдығы кiрдi.

Қазақстан Республикасы ұлы қазақ әншiсi туралы естелiктi сақтау мақсатында Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу шеңберiнде 2022 жылы өңiрлiк, республикалық және халықаралық деңгейлерде мерейтойлық iс-шаралар кешенiн, оның iшiнде Париж қаласындағы, Мәскеу қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерiнде концерттер өткiзудi жоспарлады.

Мақаланы құрған күні 25.05.2022 16:39

Мақаланы жаңартқан күні 25.05.2022 16:39