KZ | RU

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Бүгін кітапханамызда Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен мағынасы, ұлттық дәстүрлер туралы айтылып, мақал-мәтелдер айтылды.

Сонымен қатар Наурызға байланысты сөзжұмбақ шешіліп, ұлттық ойындардың бірі – арқан тартыс ойыны ойналды.

Іс-шара соңында қатысушылар Наурыз көжеден дәм татып, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

 

17.03.2026
Қаралым саны: 7