KZ | RU

«Абай – ұлы тұлға» атты әдеби кеш өтті

Аудандық кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа ақынның мол мұрасын таныту мақсатында «Абай – ұлы тұлға» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Әдеби кешке 44813 әскери бөлімінің сарбаздары, кітапхана оқырмандары және мәдениет бөлімінің әншісі қатысты.

Шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар Абайдың әндері орындалып, ақынның поэмаларынан үзінділер оқылды.

 Абай шығармаларының тәрбиелік мәніне тоқталып, ақынның адамгершілік, білім, еңбек және елдік туралы ойларының бүгінгі ұрпақ үшін де маңыздылығын атап өтілді.

Мәдениет бөлімінің әншісі Абайдың әндерін орындап, әдеби кештің мазмұнын байыта түсті. Әскери бөлім сарбаздары мен кітапхана оқырмандары да белсенділік танытып, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, өз өнерлерін көрсетті.

Әдеби кеш барысында қатысушылар Абай мұрасының ұлт руханиятындағы орны туралы ой бөлісіп, ақын шығармаларын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, олардың әдеби кешке қосқан үлесі атап өтілді.

Абайдың сөзі – халықтың сөзі, Абайдың мұрасы – ұлттың рухани қазынасы. Ұлы ақынның шығармаларын насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына білімге, еңбекке, адамгершілікке және елжандылыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру – кітапхананың маңызды бағыттарының бірі.

Шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

 

14.08.2026
Қаралым саны: 2