2020 жылдың атаулы күндері

1. Биылғы жылы елiмiз ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтедi. Бүгiн де оның дана шығармалары негiзiнде қаншама ұрпақ өстi. Бүгiнде оның дана сөздерi бүкiл әлемге танымал.

Абай мерейтойын мерекелеу аясында Целиноград ОКЖ бойынша ұлы ойшылдың шығармашылығын кеңiнен танымал ету және насихаттау мақсатында бiрқатар iс-шаралар жоспарланған. Кiтапханаларда «Абайдың өмiрi әлемге өнеге», «Ұлы Хакiмнiң асыл мұрасы», «Аңыз адам — ақиқат тұлға», «Қазақтың Абайы, халықтың Абайы, әлемнiң Абайы», «Абай дана, Абай дара қазақта» атты iрi кiтап көрмелерi рәсiмделдi. оның басты мақсаты — қазақ даласының ұлы ақыны Абай мұрасынан шыққан кiтаптармен таныстыру.

Қазақтың көрнектi ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары қайталанбас туындылар, қазақ халқының рухани әлемiнiң шыңы.

Абай шығармаларын таныстыру, тану, жаңғырту, насихаттау-тарихи борыш, мiндет. Абай мұрасы — ғасырлар бойы өзiнiң маңызын жоғалтпайтын, халықтың сарқылмас қазынасы.

2. Осы жылы барлық прогрессивтi әлемдiк қоғамдастық Шығыстың ортағсырлық ойшылы, данагөйы әл-Фарабидiң 1150 жылдығын атап өтедi! Қазақ даласының бұл ұлы данасы талантты ойшыл және өз заманының моральдық идеалы болды: Шығыс философы, ғалым, энциклопедист, Аристотельден, Ю. Баласағұнидан кейiн "екiншi ұстаз" атанған дара тұлға. Әл-Фарабидiң ғылыми мұрасы әртүрлi бiлiм саласын қамтитын 200 ғылыми еңбектен тұрады. Оның еңбектерi әлемнiң құнды қазынасына айналды.

Мақаланы құрған күні 16.04.2020 09:06

Мақаланы жаңартқан күні 16.04.2020 09:06