Талғат Бигелдинов
(туғанына 100 жыл)
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (1922ж, 5 тамызда Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылында туған — 2014ж 10 қарашада Алма-Ата көз жұмды) кеңес ұшқыш-шабуылшысы, екi мәрте Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры.
Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,Майбалық ауылында ҚазАССР құрамында дүниеге келген. Талғат Бигелдинов балалық шағын Фрунзе қаласында (Пишпек 1926 жылға дейiн) өткiздi. Ата-анасы қазақ шаруалары болған. Талғат Бигелдиновтың анасы Хадия, әкесi Талғат Бигелдиновтың Түсiпбек болған.Ол ата-анасының қолында 6 жасқа дейiн болды. Содан кейiн ежелгi дәстүрге құрмет ретiнде бiраз уақыт баласы жоқ ағайыны Жақыптың отбасында тәрбиелендi. Талғаттың отбасының жағдайы өте нашар болды. Ұшқыш болуды армандаған Талғат 1938 жылы Фрунзе қаласындағы аэроклубқа оқуға түседi. Аэроклубта тамаша тәжiрибеден өтiп, ұстаздарының оң көзiне түскен талапты жiгiт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебiне оқуға жiбередi. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жiгiт аман-есен өтедi. Саратовтағы ұшқыштар мектебiн екi жыл оқып, сержант шенiмен бiтiрген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебiн аяқтайды. Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигiмен ұшуды үйренiп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтiн бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзi бiр көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзiнде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы — Берлиндi алуға бiрiншi болып қатысады. Фашистер өздерiне аяусыз өлiм оғын сепкен Талғат мiнген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екi мәрте батыры атағын иеленiп, соғыста небiр көзсiз ерлiк көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери-әуе күштерiнде түрлi басқару қызметiнде болады. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң үш мәрте депутаты болып сайланады. 1957 жылдан 1970 жылға дейiн азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу iсiне өлшеусiз үлес қосады. 1968 жылы Мәскеу инженерлiк-құрылыс институтын бiтiрiп, мемлекеттiк құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсiресе, Алматыдағы небiр тамаша зәулiм ғимараттардың бой көтеруiне атсалысады.
КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң 2-3 және 12-шақырылымдарының депутаты (1946-1954 және 1989-1991 жылдары). Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен жетiм балаларға көмек көрсететiн халықаралық қайырымдылық қорының президентi болды.Алма-Ата қаласында өмiр сүрдi. Полбин атындағы Орынбор жоғары әскери-авиациялық ұшқыштар училищесiнiң құрметтi курсанты. 2014 жылдың 11 шiлдесiнен бастап, Тоғанбай Қауымбаев қайтыс болғаннан кейiн, Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз қазақ — Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды . 2012 жылдың 31 тамызынан бастап, әуе маршалы Александр Ефимов қайтыс болғаннан кейiн, Ұлы Отан соғысы кезiндегi ерлiктерi үшiн "алтын жұлдыздарды" алған Кеңес Одағының жалғыз тiрi екi мәрте Батыры болды. Талғат Бигелдинов 2014 жылы 10 қарашада қайтыс болып, Алматыдағы "Кеңсай-1" зиратына жерлендi.
* 2000 жылдың 9 мамырында Көкшетау қаласының Даңқ аллеясында екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың бюстi ашылды.
* Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдиновтың қола бюстi Фрунзе (қазiргi Бiшкек) қаласында орнатылды.
* Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштерiнiң Әскери институты (бұрынғы АВВАУ) Кеңес Одағының екi мәрте Батыры Т.Бигелдиновтың есiмiмен аталады.
* Қарағандыда республикалық әскери мектеп-интернаты екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдиновтың есiмiмен аталады.
* 2015 жылдың желтоқсан айында Т.Бигелдиновтың қола бюстi, жеке құжаттарының көшiрмелерi, фотосуреттерi, сондай-ақ портретi Мәскеудегi Ұлы Отан соғысының орталық мұражайына сыйға берiлдi.
Марапаттар
КСРО
«Алтын Жұлдыз» медалi (КСРО) Кеңес Одағының Батырлары № 4619- (26.10.1944)
«Алтын Жұлдыз» медалi (КСРО) Кеңес Одағының Батырлары № 6554- (27.06.1945)
Ленин орденi (1944)
Қызыл Ту орденi (1943)
Қызыл Ту орденi (1944)
Александр Невский орденi (1944)
I-шi дәрежелi Ұлы Отан соғысы орденi (1944)
II-шi дәрежелi Ұлы Отан соғысы орденi
Алтын Жұлдыз орденi
III дәрежелi Даңқ оденi
* Қазақ КСР
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Президиумы 1958 жылғы 18 қазандағы Жарлығымен Бигелдиновты "Алматы әуежайының ұшу-қону жолағын салу жөнiндегi үкiметтiк тапсырманы лайықты, жоғары сапалы орындағаны үшiн"Құрмет грамотасымен марапаттады
* Медальдар
Қазақстан
Отан орденi (2007)[3]
1-шi дәрежелi Даңқ орденi
«Астанаға 10 жыл» медалi (2008)
Отбасы
* Балалары — ұлдары Талғат, Марат, қыздары Райхан, Галина, Ирина..
Шығармалар
* "Iле шабуыл жасайды" -Алматы: Қазақстан, 1966.
• "Өлместiктiң шыңы" — Алматы: Жазушы, 2000. — ISBN 5-605-01716-0
• "305 рейд" — Фрунзе, 1966.
Талғат Бегелдинов туралы фильмдер
• 1979 — "Талгаттың биiк аспаны" — "Қазақфильм"киностудиясы.
• 1985 — "Жұлдызды Жеңiс" — "Қазақфильм" киностудиясы.
• 2014 — "Әуеге көтерiлу" — "Генералдар кеңесi" РҚБ.
Мақаланы құрған күні 25.05.2022 16:56
Мақаланы жаңартқан күні 25.05.2022 16:56