Қабанбай Батыр ауылының ауылдық кітапханасы

Рождественка ауылдық кiтапханасының тарихы. 1925 жылы ауылдың сауатты тұрғындарының бiрi, кiтап сүйгiш, оқу үйiн ауылында ашты. Онда алғашқы ауылдық кiтапхана ұйымдастырылды. Ал төрт жылдан кейiн ол колхозға берiлдi. Жұмыс басталды, кiтаптар жоғалды. 1947 жылы Рождественка ауылында кiтапахана ашылды, қор 140 кiтап пен журналдан тұрды. Бiрнеше рет кiтапхана ораналасқан жерi өзгертiлдi. 1970 жылы ол мәдениет үйiнiң ғимаратына көшiп, қор 12 мыңға жуық кiтап болды. Кiтапханашы Воронова Фрида Андреевна болды. мәдениет саласына жұмсалатын шығындардың қысқаруына байланысты 1997 жылы кiтапхана жабылды, кiтап қорының бiр бөлiгi жоғалып, ал қалғаны мектеп кiтапханасына орналастырылды. 2001 жылдың желтоқсан айында Кирово ауданынан Қабанбай батыр ауылындағы аудандық кiтапханаға 30 мың кiтап қорымен ауыстырылып, ауылдық мәдениет үйiне көшiрiлдi. 2002 жылғы 1 ақпаннан бастап кiтапханашы болып Прутова Вера Николаевна жұмыс iстедi.

2007 жылы аудандық кiтапхананы Малиновка (қазiргi Ақмол) ауылына ауыстырды және кiтапханаға «ауылдық кiтапхана» мәртебесi берiлдi. Қор аустырылмай, өзгерiссiз қалды.

Қабанбай батыр ауылдық кiтапханасында екi кiтапханашы жұмыс iстейдi — А. Н. Құрманғалиева және Сарденова А. Қазiргi уақытта алпы кiтап қоры 25 мыңнан астам кiтапты құрайды. Жыл сайын 1500-ден астам оқырманға қызмет көрсетiледi және 30 мың кiтап берiледi.

Жұмыс кестесi 9.00-18.00, түскi үзiлiс 13.00-14.00

 

Мақаланы құрған күні 08.05.2019 15:46

Мақаланы жаңартқан күні 01.10.2021 15:34