KZ | RU

Целиноград ауданының кітапханалар даму тарихы

Алғашқы кітап оқитын үй 1935 жылы Новоишимка ауылында ашылған (ол уақытта аудан).

1973 жылдан бастап 1997 жылға дейін орталықтандырылған кітапхана жүйесіне (ОКЖ) 67 филиал кіретін, оның ішінде кәсіподақтық, совхоз кітапханалары және т.б.

1997 жылы мәдениет бөлімі таратылып жібергесін, көп кітапханалар жабылып, кейбіреуі ауыл әкімдігіне тапсырылған.

2000 жылы мәдениет бөлімі өз алдына бөлім болып, кітапханалар ашылып, ОКЖ құрылды.

2001 жылы Целиноград ОКЖ-сі 8 кітапханадан тұрды.

2002 жылы ол Целиноград ауданы мәдениет бөлімінің Орталықтандырылған Кітапхана Жүйесі болып атанып, Көктал ауылында орналастырылды.

2002 жылы ОКЖ Рождественка ауылына ауыстырылды.

2004 жылы ОКЖ өз алдына мемлекеттік мекеме болып, Целиноград аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесі деп аталды.

2008 жылдың ақпан айына дейін ОКЖ Рождественка ауылында болды, кейін Ақмол ауылына көшірілді.

Қазіргі кезде Целиноград ауданы ОКЖ — не аудан кітапханасы және  «13 ауылдық кiтапхана енедi: Қабанбай батыр, Нұресiл, Софиевка, Арайлы, Мәншүк, Жаңаесiл, Жана-жайнақ, Жалғызқұдұқ, Шалқар, Тасты, Родина, Оразақ, Қосшы.

ОКЖ-ның басшысы Ибраева Татьяна Александровна.

Кітапхананың негізгі мақсаты оқырмандарға ақпарат беру, кітап пен оқуды насихаттау, Қазақстанның тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, базалық құқықтық білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Мақаланы құрған күні 30.10.2018 14:05

Мақаланы жаңартқан күні 16.04.2021 14:47