Естелiк сабағы «Ауғанстан: ХХ ғасырдың ерлiгi мен зұлматы»
ОАК — да «Кеңес әскерлерiнiң Ауғанстаннан шығарылуына — 30 жыл» болуына байланысты , осындай атаумен iс — шара өткiзiлдi. Мақсаты: патриоттық, азаматтық және тарихи саналық сезiмдi қалыптастыру;
Осы аталаған iс — шараға интернационалист — жауынгер Б.С.Жармұханов пен Ф.Г. Смаиловтың қатысуымен өттi. Соғыстың тарихи оқиғалармен таныстыру, әскери мiндетiн атқару, әскери ант –сертiне берiк болу, қарым — қатынас, сенiмдiлiк, бiр — бiрлерiн қолдау сияқты сұрақтар талқылауға ортаға салынды. 8 сынып оқушылары ауғанстан соғысына қатысқан жандарға өте сезiмдi өлең — шумақтар оқып бердi.
Орталық аудандық кiтапханада жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Электронная книга: за и против» дебаттары өттi.
Осы iс шарада 9-11 сынып оқушылары, кiтапхана қызметкерлерi, жастар ресурс орталығының мамандары қатысты.
Мақсаты: ақапарттық мәдениеттi қалыптастыру, танымдық қызығушылықты дамыту. Жастар дебатының барысы: қатысушылар 2 командаға бөлiндi: электронндық кiтапты жақтаушылар командасы және қағаздық басылымдағы кiтапты жақтаушылар.
Келесi сұрақтар қойылды: «Электрондық немесе қағаздық варианттар жақсы ма?Қандай вариантпен қолданған жеңiл?» болашақта қандай вариант болады?» және де басқалар. Әр команда өзiнiң пiкiрлерiн қорғады, оң және терiс қасиеттерiн атады. Дебаттар өте көңiлдi, қызу өттi. Осы iс шарадан соң, қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.
ҚР Президентiнiң "2019-Жастар жылы" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Максимовка ауылдық кiтапханасында "Жастар-болашаққа апаратын алтын көпiр" атты түнгi библиосейшн ( iс шара өткiзу нысаны) ұйымдастырылды.
Кiтапхана безендiрiлiп, шырақтармен рәсiмделдi.
Кiтапханашы 22-29 жас аралығында жастарды жинап, жанұя, Отан сияқты тақырыптарды қозғады, жастардың құқықтары, мемлекет тарапынан жастарға арналған қандай бағдарлама бар екенiн атап өттi. Олардың ой -пiкiрлерiн тыңдады. Ол кеште жастар бiр — бiрiмен әңгiме -дүкен құрып, ақыл — кеңестермен бөлiстi. Кеш өте сезiмдi, әсерлi өттi.
осы жастардың арасында отбасын ендi құруға бел буған жас жұбайлар да қатысты…
"Әбдiлдә тудырған шығармалар" поэзия сағаты.
Жалғыз құдық ауылдық кiтапаханасы. Ә.Тәжiбаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған "Әбдiлдә тудырған шығармалар" атты поэзия сағатын ұйымдастырды. Ол iс шараға меткеп оқушылары белсене қатысып, жерглiктi тұрғындардан өнерлi жандар өз өнерiн ортаға салды. Бiрi өлең оқып, бiрi ән айтты. қатысушылар осы сынды қазақ халқының әдебиетiн оқып, танып бiлуге насихаттайтын iс шараны ұзақ күткендей, шын пейл-ықыластарымен тыңдады… Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында өткiзiлетiн iс шаралар көбiрек өткiзiлсiн деген тiлекпен iс шара аяқталды.
Мақаланы құрған күні 02.06.2020 13:48
Мақаланы жаңартқан күні 02.06.2020 16:38