Құрметтi Отандастар!
Биыл Адамзат тарихындағы ең сұмдық, сұрапыл соғыстың аяқталып, Жеңiс туын Желбiреткенiмiзге 75 жыл толды. Бiрақ Ұлы Жеңiстi бiз ұмытпаймыз. Жеңiс күнi — бұл сан мыңдаған ұрпақ үшiн ортақ мереке. Бұл мереке — бейбiтшiлiк пен қайырымдылықтың мәңгi жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердiң айбыны, тылдағы Жеңiстi жақындатқан жұмысшылардың ерлiк еңбектерiнiң мәңгi өшпейтiндiгi дәлелдейтiн белгi болып қалмақ. Бiздiң аталарымыз бен әкелерiмiздiң батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексiз сүйiспеншiлiктерi, қан майданның алдыңғы шебiндегi ерлiктерi Қазақстанның бүгiнгi жауынгерлерi үшiн мақтан тұтарлық үлгi ғана емес, бұл бiрнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуiнiң жоғары адамгершiлiк негiзi. Жеңiс күнi — абыроймыз бен даңқымыздың мерекесi.
Сiздердiң өшпес рух, намыс, ерлiк — жiгерлерiңiз үшiн, табандылықтарыңыз үшiн,
Сiздердiң алдарыңызда бас иемiз!
Осы Ұлы мерекеге орай Целиноград ауданының кiтапхана жүйесi «Арадагерлерге мың тағзым!» атты соғыс туралы өлеңдер оқу акциясын жариялады. Акцияға кiтапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысып, қан майданды басынан кешiп, Жеңiске жеткiзген батырларымызға шексiз алғыстарын бiлдiрдi.
Мақаланы құрған күні 22.04.2020 14:21
Мақаланы жаңартқан күні 22.04.2020 14:22