"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" марафоны

Целиноград ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, 2021 жылдың 7 қазанында "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" марафоны басталды, онда іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға Тосты,Родина,Жаңа Есіл,Арайлы,Талапкер,Нұресіл ауылдық кітапханаларының кітапханашылары қатысты. Марафон барысында аудан басшылығы қарттарды, ауылдық елді мекендердегі еңбек сіңірген азаматтарды құттықтап,алғыс хаттар берді. Мәдениет қызметкерлері қонақтарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды.Кітапхана және әкімдік қызметкерлер кітап және қол өнері көрмесін ұсынды. Іс-шарада ауыл шаруашылығы өнімдері ұйымдастырылып, тұрғындар жәрмеңкеге қымыз, айран, ешкі сүті, құрт-ірімшік қойды.

08.10.2021
Қаралым саны: 1392