KZ | RU

ХАМИДИ ЛАТИФ (1906-1983)

Латиф Хамиди — (1906-1983) композитор, педагог, Қазақ КСР-iнiң халық әртiсi, КСРО Композиторлар одағының мүшесi, Қазақ КСР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинаушы. Ташкент халық ағарту институтын, Мәскеудiң бiрiншi музыкалық техникумын, Мәскеу консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бiтiрген. Қазақтың халық аспаптар оркестрiнiң дирижерi болып, Қазақтың Петр Чайковский атындағы музыкалық училищесiнде, Қазақ консерваториясында ұстаздық еткен. Композитордың Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Аттаныңдар майданға», «8-гвардия дивизиясының әнi», «Батыр қыз», «Нүркен» әндерi тыңдарманын қаһармандық сезiмге бөледi. Ол қазақ музыкасына тұңғыш вальс жанрын енгiзiп, «Қазақ вальсi», «Бұлбұл» әндерiн шығарған. Сондай-ақ оның әсем әуенiмен ерекшеленетiн вальстерi, хорлары, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрi үшiн камералық-аспаптық шығармалары, қойылымдар мен кинофильмдерге арналған музыкалары бар. Композитор қазақтың опера өнерiн өркендетуге де үлкен үлес қосып, «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Жамбыл» операларын, «Жамбыл мен Айкүмiс» музыкалық пьесасын, «Балбұлақ» опереттасын жазды. Сонымен қатар «Домбыра үйрену мектебi» (Б.Ғизатовпен бiрге), «Дирижерлiк етудiң негiздерi» (Х.Тастановпен бiрге), т.б. зерттеу еңбектерi бар. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденiмен, медальдармен марапатталған.

15.03.2021
Қаралым саны: 1873