ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН (1841-1889)

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнектi ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткерi Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебiнiң қалыптасуында терең iз қалдырды. Ол 1841 жылы қазiргi Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесiнен ерте айырылған ол атасының — белгiлi би және старшын Балқожа Жаңбыршиннiң қолында тәрбиелендi. Ыбырай бала кезiнен бастап бiлiмге және өз бетiнше оқып бiлуге бейiм екенiн байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының бiлiмдi адамдарымен жиi араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезiнде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзiнiң бай кiтапханасымен Ыбырай Алтынсариннiң еркiн пайдалануына рұқсат еттi. Бiлiмге құштар жас бос уақытының бәрiн де сол кiтапханада өткiздi. Бiлген үстiне бiле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбiрек пайда келтiрсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмiрлiк кредосына айналды. Өзiнiң мiнез-құлқы жағынан қарапайым әрi еңбексүйгiш едi, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбiрек бiле түссем деп армандады. Алған бiлiмiн өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

15.03.2021
Қаралым саны: 1842