Герберд Джордж Уэллс (1866-1946)

Герберт Джордж Уэллс ағылш. Herbert George Wells ( 21.9.1866, Бромли, Ұлыбритания - 13.08.1946, Лондон, Ұлыбритания) - ағылшын жазушысы, сыншыл реализмнің көрнекті өкілі.

Дүкенші отбасында туған. 1888 ж. Лондон университетін бітірді. 1891 ж. биологиялық ғылымы бойынша екі ғылыми атақ алды. 1942 ж. биологиялық ғылыми докторы дәрежесіне еге болды. Көптеген биология және физиология оқулықтарының авторы.

1895 ж. Уэллс «Уақыт машинасы» романында табиғи-ғылыми концепциясына сүйеніп, XX ғ. әдебиет тарихында алғаш ғылыми фантастиканы бастады. Уэллс «Доктор Моро аралы» (1896), «Бақыт дөңгелегі» (1896), «Көрінбейтін адам» (1897), «Айдағы алғашқы адамдар» (1901), «Аспандағы айқас (»1908), «Азат етілген әлем (»1914), т.б. фантастикалық романдарын жариялады. Ол үш рет (1914,1920, 1934) Ресейде болып, «Түнектегі Ресей» (1920) кітабын жазған.

1930 ж. «Өмір ілімі» атты философиялық очерктерді жазған.

04.03.2021
Қаралым саны: 1647