Мерекелік шара барысында дәстүрлі әншілер әсем әндерін шырқап, ұлттық өнердің көркін келтірді. Қонақтар мен қатысушылар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Атап айтқанда, “асық ату”, “бес тас”, “қол күрес” сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жиналған қауым ұлттық тағам — Наурыз көже дәмін татып, мерекелік дастарханның берекесін сезінді.
Наурыз мерекесі ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, бірлік пен татулықты нығайтатын ерекше мереке екені тағы бір мәрте айқындалды. 🌿✨
17.03.2026
Количество просмотров: 288
Количество просмотров: 288


