KZ | RU

Орталық кітапханада «Бір ел — бір кітап» акциясы негізінде қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тағдыр» романы бойынша дөңгелек үстел өтті

Орталық кітапханада «Бір ел — бір кітап» акциясы негізінде қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің  өмірі мен шығармашылығына арналған «Тағдыр» романы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында оқырмандар жазушының өмір жолымен танысты. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде дүниеге келіп, кейін тарихи Отаны – Қазақстанға қоныс аударған. Ол өз шығармаларында қазақ халқының тарихын, ұлттық рухын, ел тағдырын және шетелдегі қазақтардың өмірін шынайы суреттеген көрнекті қаламгер.
Дөңгелек үстелде жазушының ең көрнекті туындыларының бірі – «Тағдыр» романы жан — жақты талқыланды. Қатысушылар шығармадағы тарихи кезеңдер, халықтың азаттыққа ұмтылысы, ұлттық құндылықтар мен ел бірлігі мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Сонымен қатар, романның тәрбиелік мәні мен бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Тағылымды кездесу оқырмандардың тарихи шығармаларға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраны насихаттауға өз үлесін қосты.
 
10.07.2026
Қаралым саны: 32