KZ | RU

«Өмірдің әр күні – қымбат»

1 қазан – Қарттар күніне орай Целиноград аудандық кітапханасында «Өмір даналығы – жан қуаты» клубының ұйымдастыруымен мерекелік кездесу өтті.

Шара барысында клуб мүшелеріне жылы лебіздер айтылып, әндер шырқалып, қызықты ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара жақсы тілектерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.

Кеш көтеріңкі көңіл — күймен, ән мен әзілге толы жылы атмосферада өтті. ❤️

«Өмір даналығы – жан қуаты» клубы – бірге өткізген әр сәт қымбат! 🌷

 

05.10.2026
Қаралым саны: 33