СУЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС (1936)

Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дiң геология факультетiн бiтiрген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1962–1971 жж. «Казахстанская правда» газетi редакциясында бөлiм меңгерушiсi, «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлiк-редакциялық алқасының бас редакторы, «Простор» журналының бөлiм меңгерушiсi, 1971–1981 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1981–1983 жж. Қазақ КСР кинематография жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, 1983–1991 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бiрiншi хатшысы, ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты, «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы, 1995 жылдан Қазақстанның Италиядағы төтенше өкiлеттi елшiсi болды. Бүгiнде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы төтенше өкiлеттi елшiсi және тұрақты өкiлi.

Туындыларын орыс тiлiнде жазады. Өлеңдерi мен поэмаларының алғашқы жинағы — «Арғымақтар» (1961) шыққаннан кейiнгi жылдардан берi «Адамға табын, Жер, ендi» өлеңдерi бүгiнгi ТМД елдерi халықтарының көптеген тiлдерiне, шет ел тiлдерiне аударылып, жеке-жеке кiтап болып бiрнеше рет басылды. Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етiп жүр. Оның жазған сценарийi бойынша «Атамекен», «Көгiлдiр маршрут», «Қыс — қолайсыз маусым», «М.Әуезов туралы сөз», «Үндiстан сазы», «Жастық шақ заставасы», т.б. фильмдер түсiрiлген. «Аз и Я», «Язык письма» атты тiлге қатысты зерттеулерi жарық көрдi. «Жалынның шалқуы» атты өлеңдер жинағы француз тiлiнде шықты.

Ядролық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының, Халық Конгресi партиясының лидерi. Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттiк сыйлығының (1967), Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақстанның Халық жазушысы. Қазақстан Меценаттар клубының «Тарлан» сыйлығының (2000) лауреаты.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгiсi», Октябрь Революциясы, I дәрежелi «Барыс» (2001), «Отан» ордендерiмен, көптеген медальдармен марапатталған. Азербайжан Республикасының «Шухрат» орденiмен, Украинаның «Ярослав Мудрый», Шешен Республикасының, Францияның және Ресейдiң «Достық» ордендерiмен марапатталған.

15.03.2021
Қаралым саны: 1783