НҰРПЕЙIСОВА ДИНА (1861-1955)

Дина Нұрпейiс келiнi (1861-1955) — қазақтың әйгiлi күйшi композиторы. Туып өскен жерi Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртiсi (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкiлодақтық бiрiншi байқауында, одан кейiн 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегi он күндiкте Дина тағы да жүлделi орындарды жеңiп алады. Әкесi белгiлi домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердiң қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйшi Құрманғазымен алғаш кездесуi де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерiн үйренiп қана қоймай, оның күйшiлiк-орындаушылық өнердегi ерекшелiктерiн, дәстүрiн жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерiнде халықтың күйшiлiк дәстүрi айқын сезiледi. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйiнде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кiшкентай» күйiнiң әсерi байқалады. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезiнiң өзiнде ақ Дәулеткерей, Мүсiрәлi, Әлiкей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшiлердiң күйiн нәшiне келтiре тартып, төңiрегi «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естiп, әйгiлi Құрманғазы арнайы iздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсiнiп, болашағынан үлкен үмiт күтiп, батасын берген. Осыдан кейiн Динадан көз жазбай, үнемi айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертiп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретедi. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейiн, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшiнiң ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исi қазақтың күй өнерiнiң бақыты болды. Дина 1880 жылы Берiш iшiндегi Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жiгiтке тұрмысқа шығады.

Қанас пен Динадан Нұрпейiс атты бiр ұл туған. Алайда, алғашқы перзентi дүниеге келген соң Қанас көп кешiкпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын iнiсi Шәпекке қосылады. Күйеуiнiң атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуi Шәпектi «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбiр деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуiнен көрген перзентi Нұрпейiс 14 жасында қайтыс болады. Кейiн ел iшiнде санақ па, сайлау ма, әйтеуiр бiр тiзiм алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейiстiң есiмiн атаған. Мiне, Динаның Нұрпейiс келiнi атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешiп, берекелi жанұя құрған.

15.03.2021
Қаралым саны: 1822